Атырау, 22 желтоқсан 15:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Шорнақтағы тәртіпсіздікке қатысты 4 арандатушы ұсталды - әкімдік

2 737 рет қаралды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Шорнақ қаласында заңға қайшы әрекеттерге шақырған төрт адамның ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше Өмірзақ Шөкеев Шорнақ тұрғындарына уәде еткендей, полиция әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде адамдарды заңға қарсы әрекеттерге шақырған алты арандатушының төртеуін тапты. Қалғандарын анықтау және іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады Қалқаманов Facebook-те.

Айта кетейік, мұның алдында Шорнақ аулына жақын жерде 80-нен астам адам ұсталғаны белгілі болған

Еске салайық, осыған дейін Түркістан облысында Шорнақ ауылында тұрғындар арасында жанжал туындағаны хабарланған еді. Тәртіп сақшылары қақтығыстың тууына 21 шілде Шорнақ аулындағы тұрғындарының жанжалдасуы себеп болғанын айтты. 


25 шілде 2020, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.