Кеше түнде Сәтпаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейіннен бөтен пәтерден табылған. Енді жергілікті тұрғындар ұсталған күдіктіні өздеріне беруді талап етуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
5 жастағы қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама Сәтпаев қаласының полиция департаментіне 23 шілде күні 21.00-де түскен. Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған Жезқазған қаласының тұрғыны, бүлдіршіннің әкесі екен.
Сәтбаев қалалық полиция департаментінің жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру шараларының нәтижесінде қыз бала көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылды.
Қазіргі уақытта оны ауруханада қарап жатыр. Күдікті қамауға алынған. Алайда жергілікті тұрғындар қылмыскерді өздеріне тапсыруды талап етіп жатыр.
"Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды. Қарағанды облысының полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда", - деп хабардар етті полициядан.