42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлем 1 миллион 309 мың адамға тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
"22 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 миллион 730 мың өтініш қабылданды. Төлем 1 миллион 309 мың адамға тағайындалды. Ақша 1 миллион 122 мың қазақстандыққа аударылды", - делінген ведомствоның ресми сайтында.
1 миллион 730 мың өтінімнің ішінде:
- 782,87 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
- 423 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
- 146,1 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
- 378 мың адам екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтар санаты бойынша:
- 782,87 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден түсті;
- 92,86 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
- 854,4 мың өтініш басқа санаттардағы азаматтардан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Еске сала кетсек, әлеуметтік төлем шілде айына табысынан айырылған азаматтарға төленеді.
Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.