Атырау, 22 желтоқсан 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Шенеуніктер мұндай қиын кезеңнің өзінде байып жатыр - агенттік төрағасы

3 911 рет қаралды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев коронавирус пандемиясы кезінде кейбір шенеуніктер дәрілер, медициналық құралдардың есебінен байып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлі күнге дейін пара беру жүйесі өркендеп жатыр. Оның ставкалары бәріне белгілі. Мұны мойындау қиын. Кейбір шенеуніктер осындай қиын кезеңнің өзінде жеке қорғаныс құралдарын, дәрі-дәрмектерді және медициналық жабдықтардың есебінен байып жатыр. Бұл мәселені оларды ұстау және қамау арқылы шешу мүмкін емес, - деді ол.

Алик Шпекбаев мәселені шешудің жолын ұсынды.

"Мен мәселенің шешімі ретінде барлық деңгейдегі бюджеттің толық ашығын, сондай-ақ қоғамдық және азаматтық қадағалауды қамтамасыз ету есебінен жүргізілуі қажет деп санаймын", - дейді агенттік төрағасы.

Айта кетейік, осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы "СҚ-Фармация" басшылығына үндеу жасаған еді.

21 шілде 2020, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.