Атырау, 20 сәуір 01:15
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Тағы да "Потенциал Ойл"

3 407 просмотра

30 қараша күні Исатай ауданы Жанбай ауылынан 800 метр қашықтықта 24 метрден 18 метрге дейінгі шаршы алаңдағы бұрғылау ерітіндісімен бүлінген жер телімі анықталды.

Исатай аудандық прокуроры Мақсат ЕРМЕКОВТЫҢ айтуынша,мамандар бұл жерде бұрғылау ерітінділері ұңғы бағандарының каналдары пайда болған кезде ұңғы сағаларының шетіне шығып кеткен деп түсіндіреді. Исатай аудандық прокуратурасы осы факт бойынша тексеру жүргізуде.

- Табиғат пайдаланушы «Потенциал Ойл» ЖШС растағандай, 2006 жылы тамыздың 3-нен 15-не дейін №С-7ПО ұңғысы бұрғыланған. Ол геологиялық себептерге байланысты жойылды, - дейді М.Ермеков. – Ал 2009 жылы «Потенциал Ойл» ЖШС лицензиялық аумақтың бөлігін «ЗапКазНедра» департаментіне қайтарды. Оның ішінде осы ұңғыны да.  

Осыған байланысты аудандық прокуратура орын алған төтенше жағдайдың себебі мен оған жауапты тұлғаларды анықтау үстінде.

Бүгінгі күні бұрғылау ерітіндісі әлі де жер бетіне шығып жатыр. «Потенциал Ойл» ЖШС бұрғылау ерітіндісі айдап шығарып, шлам сақтау орнына 140 текше метр бұрғылау ерітіндісі шығарылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айнұр САПАРОВА

13 желтоқсан 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.