Атырау, 22 желтоқсан 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

42 500 теңге қанша адамға тағайындалғаны белгілі болды

3 048 рет қаралды

42 500 теңгені алуға 1 миллионнан аса қазақстандық өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 шілде сағат 9.00-дегі мәліметке сәйкес, шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемді алуға азаматтардан 1 миллион 55 мың бірегей өтініш келіп түсті. 880 мың адамға төлем тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 42 500 теңге қашан берілетінін айтқан еді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға ұзартылатынын, мұқтаж жандарға 42 500 теңге берілетінін айтқан болатын.

20 шілде 2020, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.