Ресейде бір тәулікте 6422 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мәскеуде - 628 адам, Санкт-Петербургте - 264 адам, Свердлов ауданында - 263 адам анықталған.
Сонымен қатар, елде бір тәулікте 156 адам қайтыс болған және 10 424 адам аурудан айыққан.
Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 12,9 миллионға жетсе, оның ішінде, 570 мың адам қайтыс болған. Коронавирус жұқтырған адам саны бойынша үштікте АҚШ, Бразилия және Үндістан. Ресей төртінші орында.