Атырау, 26 сәуір 16:42
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Шымкентте төрт адамды өлтіріп кетті

3 594 просмотра

Шымкентте үш ер адам мен әйелді өлтіріп кетті. Оқиға орнынан атыс қаруы табылды, деп хабарлады Otyrar.kz өңірлік басылымы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 шілде күні кешке болған. Жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, Қара бура көшесіндегі жеке үйдің жанында тұрған автокөліктің салонынан екі адамның мәйітін көргенін айтқан. Куәгерлердің мәліметінше, әйнекті сындырған.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері өлген адамдар атыс қаруынан жарақат алғанын анықтады.

Полицияның мәліметінше, көлік тұрған үйді тексеру барысында іштен тағы екі адам  – 40 жастағы ер адам мен оның 28 жастағы әйелінің мәйіті табылған.

Оқиға орнында айғақ зат ретінде екі атыс қаруы, оқ-дәрілер және қорғаныс құралдары алынды. Бұл факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, әперу, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды.

Қазақстан Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

15 шілде 2020, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.