Атырау, 23 сәуір 21:19
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Қатаң карантин 2 тамызға дейін ұзартылды - премьер-министр

2 917 просмотра

Премьер-министр Асқар Мамин қатаң карантинді 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Карантиндік қатаң шектеу шараларының екінші аптасы өтіп жатыр. Ауру өсуі тұрақтанып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін Республикада шектеу шараларын 20 шілдеден 2 тамызға дейін тағы екі аптаға ұзарту туралы шешім қабылдаймыз", - деді Мамин Үкімет отырысында.

Ол қазақстандықтарды карантиндік талаптарды қатаң ұстануға шақырды.

"Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдіктер мен мүдделі мемлекеттік органдар карантинді одан әрі сақтаудың барлық шарасын іске асырсын. Дәрілік препараттардың қажетті қоры бар және үнемі толықтырылып отырады. Оларды дәріхана желілері мен стационарлар бойынша нақты бөлу бойынша барлық шараны қамтамасыз ету қажет",-деп тапсырды премьер-министр.
14 шілде 2020, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.