Атырау, 14 желтоқсан 00:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.49
€ 547.88
₽ 5.06

Рашид МУСИН: «Сәбилер сальто жасай білсе дейміз»

5 681 просмотра

15 наурызда «Жас батыр» спорт клубында еліміздегі алғашқы спорттық балалар бақшасы ашылады. Біз клуб жетекшісі Рашид МУСИНГЕ бірнеше сұрақтар қойған едік.

- Рашид, бұл идея қалай пайда болды?

- Шамасы, бұл менің қанымда бар шығар. Ата-бабаларым педагогикалық қызметпен айналысқан екен. Арғы атам араб мектебін, ал атам Орал облысындағы алғашқы орыс-қазақ мектебін ашқан. Мен спортқа спорттық мөлшер бойынша «жасым келген» кезде келдім. Ішіндегі ең үлкені ретінде жаттықтырушылар жаңадан келген балуандарға, кішкентай балаларға үйретуді маған сеніп тапсыратын. Сондықтан әскерден келген кезде менде немен айналыссам екен деген сұрақ болған жоқ. Осы уақыт ішінде біршама жақсы спортшыларды, соның ішінде халықаралық санаттағы спорт шеберлерін дайындап шығардым. Көптеген проблемалармен де бетпе бет келуге тура келді: жаттығатын дұрыс базамыз, жаттығу құрылғыларымыз жоқ болды, жарысқа бару үшін ақшамыз да болмады. Ақыр аяғында өзіміздің спорттық кешенімізді салуды ұйғардық. Бүгінде мұнда көп бала жаттығады, олар тек грек-рим күресімен ғана емес, кикбоксингпен де, мини футболмен де айналысады. Енді гимнастика, еркін күрес секциясын ашуды жоспарлап отырмыз. Жекпе-жек күреске көңіл бөлініп отыр. Біздің облысымызда спорттың осы түрлері кеңінен танымал. Футболмен немесе баскетболмен әзірге мақтана алмаймыз, ал жекпе жек сайыста біз күштіміз. Оның үстіне психологтар әр баланың әу бастан дарашыл екендігін растайды ғой. Ол өзінің жеке басына қатысты жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін беріле жұмыс істейді.  Балалар арасындағы кім бұрын сұраққа жауап береді, кім бұрын жүгіріп жетеді, кім биікке секіреді дегендей жарысу рухының күштілігі тектен-тек емес қой. Бізде барлық жағдай жасалған кезде - өз залымыз, өз ғимаратымыз, бапкерлеріміз, мемлекеттің қолдауы пайда болған кезде, бала кезінен балаларға салауатты өмір салтын ұстануды дағдыларына енгізу үшін балалар бақшасын ашуды ұйғардық. Біздің балабақша тәрбиеленушісінің спортшы болуы міндетті емес, маңыздысы оның дені сау азамат боп өсуі.

- Сіздің балабақша басқалардан қалай ерекшеленбек?

- Бұл жерде балалардың сағаттап теледидар алдында отырмайтыны аян. Ешкім де оларға жүгірме, тыныш отыр, шулама деп, ескерту жасамайды. Керісінше, балалардың құзырында бүкіл спорт кешені болады. Сабақтарды шақырылған жаттықтырушылар өткізбек. Қайталап айтамын, біз олимпиадалық резервті дайындауды мақсат етіп отырғанымыз жоқ, сабақтар балалардың жасына, мүмкіндіктеріне сай болмақ. Бізде көбінесе дене шынықтыру сабақтары біртекті өтеді, баланың жасы мен психологиясы ескерілмейді. Ал біздің өз ерекшелігіміз бар. Жақында шетелде балаларды спортқа дайындау туралы деректі фильмді көргенім бар. Үш жастан бастап жаттықтырушылардың көмегімен бүлдіршіндер домалау, секіру және азғана биіктіктен секіріп түсу секілді қарапайым заттарды жасауды үйрене бастайды. Бір жылдан кейін одан күрделірек «мостик», «солнышко» элементтерін жасайды. 5-6 жаста одан да күрделене бастайды. Олар енді жаттықтырушылардың көмегінсіз қолдарымен еркін жүре бастайды. Ал жеті жаста кейбір ересек спортшыларда жоқ дайындық деңгейіне жетеді. Бұлар қолдың көмегінсіз артқа сальто жасау және басқа да күрделі акробатикалық элементтер. Осының бәрі тәрбиешілер мен жаттықтырушылардың жоспарлы жұмыстарының арқасында жүзеге асады. Егер сәбиден жалпыға білім беретін мектептердегідей әлдебір орташа нормативтерді орындауды талап етпей, оның жасына сай келетін тапсырманы міндеттесе, ол анағұрлым жақсы әрі үйлесімді дамитын болады.

- Ата-аналарды мұндағы спортқа бейімділік жалпы білім беретін бағдарлама бойынша балаларды мектепке дайындау бағдаламасынан басым болып кетпей ме деген ой мазалап отырған шығар?

- Жоқ, тәрбиешілер әдеттегі жоспар бойынша сабақ жүргізетін болады және мектепке дейінгі мекеменің бар жұмыс режимі сақталады. Дені саудың - жаны сау демекші, балаға оқып жатқан бағдарламаны меңгеру оңайға түседі. Біздің меңгерушіміз сауатты да, ой-өрісі кең адам. Ол балалармен жұмыс істей білетін мамандарды таңдаумен айналысады. Тәрбиеші ой-өресі кең және бала психологиясын білетін, білімді адам болуы тиіс. Ондай тәрбиешілерді табу үлкен міндет. Бұл, тіпті, мемлекеттік масштабтағы проблема.

 - Жақсы спортшыларды дайындағандай ма?

- Қазір қазақстандық спорт жалпы командалық жетістіктерімен емес, жеке талантты спортшылардың жетістігімен күшті болып келеді. Қазір бізде жақсы деген спорт залдары жетерлік, алайда, жақсы мамандар жеткіліксіз. Спорт аренасында әлдебір жас жұлдыз жарқ етеді де, кейін сөніп қалғандай болады, ал, оның бар күшімен жарқылдап өтуіне дайындығындағы кемшіліктер кедергі келтіреді. Өз кезінде спортшының толық дайындалуына мүмкіндігі болмаған немесе жаттығу залында қажетті тренажер табылмаған, міне, енді келіп бұлшық еттің нақты бір бөлігі толық дамымай қалады. Ал, оны одан әрі түзету ауыр болады. Сондықтан да баланы кішкене кезінен бастап денесін жаттықтырып дамыту және оның болашақта спортпен белсенді түрде айналысуы үшін база жасақтау мақсатында міне, біз өз балабақшамызды ашып отырмыз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген  В. Истомин

24 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.