Атырау, 22 желтоқсан 20:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Тоқаев көз жұмған екі дәрігерді марапаттады

3 071 рет қаралды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм болған екі қазақстандық дәрігерді марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: 

Исаев Олег Николаевич (марқұм) - Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі 

Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм) – «Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы", - делінген Қаулы мәтінінде.

13 шілде 2020, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.