Атырау, 29 наурыз 02:23
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Коронавирустен қайтыс болған қазақстандықтарды бір минут үнсіздікпен еске алды

2 690 просмотра

Коронавирустен қайтыс болған қазақстандықтарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

13 шілде – COVID-19 індетінен қайтыс болған қазақстандықтарды жалпыұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан уақытымен 12.00-де бүкіл Қазақстан бойынша бір минут үнсіздік жарияланады. Бүкіл ел бойынша жалаулар төмен түсірілген, барлық ойын-сауық шаралары тоқтатылған. Қазақстандықтармен ниеттері бір екенінің белгісі ретінде Қазақстандағы шет мемлекеттердің дипломатиялық миссия ғимараттарындағы тулар да төмен түсірілген. Барлық мешіттер мен шіркеулерде еске алу шаралары өтуде.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен арнайы аза тұту шаралары Ақордада өтті. Орталық мемлекеттік телеарналар тікелей эфир жүргізді.

Соңғы ресми ақпар бойынша КВИ-ден 375 адам көз жұмған, оған қоса белгісіз пневмониядан қайтыс болып жатқандар саны артуда, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түрі деп атауда.

Еске салсақ, 13 шілдені аза тұту күні деп жариялау жоспары туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдеде қазақстандықтарға жасаған телеүндеуі кезінде мәлімдеген еді. 9 шілдеде мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.

13 шілде 2020, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.