Атырау, 20 сәуір 01:46
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстандық үш бокс жаттықтырушысы коронавирустан қайтыс болды

3 233 просмотра

Маңғыстау облысында коронавирустан белгілі үш бокс жаттықтырушысы қайтыс болды. Бұл туралы өңірлік бокс федерациясы Instagram пен Facebook желілеріндегі парақшасында айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дарынды әрі мықты жаттықтырушылар - жоғары ұлттық санаттағы төреші, бокстан КСРО спорт шеберіне үміткер Берік Ермағанбетов, бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жаңаөзен құрамасының аға жаттықтырушысы Жеңіс Жарылғапов және Жаңаөзен бокс мектебінің аға жаттықтырушысы Ақылбек Теміров өмірден озды. Олар бокстың дамуына үлкен үлес қосты.

Ақылбек Теміров бокстан 30 жылдан аса уақыт жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Ақылбек Теміровтың тәрбиеленушілері - Қазақстан чемпиондары.

Маңғыстау облысының бокс федерациясы бапкерлердің туған-туыстары мен жақындарына, шәкірттеріне қайғырып көңіл айтады, олардың жадында мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.


13 шілде 2020, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.