Атырау, 14 қыркүйек 14:41
 дождьВ Атырау +26.9
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Бас мүфти қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады

Бейнежазба
3 432 рет қаралды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас мүфти үндеуінде отандастарымызды қиын сәтте көбірек дұға жасауға шақырды. «

"Көптеген азаматтар сынақ сәтінде садақа беріп, құрбан шалып, дұға етуде. Садақамыз бен құрбандығымыз осы бір нәубетті кезеңнен аман-есен өтуге себепкер болғай. Баршаңызды көппен бірге ел игілігі үшін дұға жасап, көбірек салауат пен ифтихфар айтуға шақырамын", - деді ол.

"Құрметті қауым, асыл дінімізде қажет уақытта қажет көмекті жасау үлкен сауапты амалдардың біріне жатады. Сындарлы сәтте науқас жандарға қажетті дәрі-дәрмекті жеткізіп, алғыс алайық. Дәрі-дәрмектің бағасын қолдан қымбаттатуға жол бермей, жақсылық жасауға асығайық. Ал жұртымызды жұқпалы індеттен арашалап алуға бар күшін жұмсап, жан-тәнімен қызмет етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға жылы сөзімізді арнап, жігерін оятайық. Олар үшін әрдайым дұғада болайық", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

8 шілде 2020, 19:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.