Атырау, 18 сәуір 11:11
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

"Соңғы 100 жылда болмаған": Экономика министрлігі жағдай қалай өзгеретінін болжады

2 718 просмотра

Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев биыл экономикалық жағдайдың қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір бес айдың қорытындысы бойынша қызмет көрсету саласы 6,2 процентке төмендеді. Ал тауар өндіру динамикасы сақталып отыр. Осы саладағы өсім 4,8 процентті құрайды. Бұл – нақты көрсеткіштер", - деді Такиев онлайн брифингте.

Вице-министр төтенше жағдаймен салыстырғанда екі апталық карантиннің жеңілдіктері басым екенін де ерекше атап өтті. Себебі бірқатар нысан жабылмай, өз жұмысын жалғастырып жатыр. Ал салық жеңілдіктері қараша айына дейін сақталады.

"Жалпы, алдағы уақытта қызмет көрсету саласы бірте-бірте қарқын ала бастайды. Өндірістік сектордың жоғары динамикасы сақталуда. Сондықтан жыл соңына қарай біз біршама оң көрсеткішке қол жеткіземіз деген болжам бар", - деп атап өтті Такиев.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде әлемдік экономика қатты қысқарып жатыр. Ондай жағдай соңғы 100 жылда болмаған. Оған коронавирус пандемиясы, сауда соғыстары, протекционизм мен энергия ресурстарының төмен бағасы кері әсерін тигізді. Осыған байланысты сәуірдің басында экономикалық болжам нақтыланып, республикалық бюджетке өзгерістер енгізілді.


8 шілде 2020, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.