Атырау, 22 желтоқсан 16:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Дәрігер коронавирус кезінде тағы бір дәрінің қаупі туралы айтты

5 144 рет қаралды

Медицина ғылымдарының докторы Раушан Қарабаева қан ұюға қарсы (антитромб - еск.) препараттарды орынсыз пайдаланудың қаупі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, бүгінде науқастар антитромб препараттарды инъекция түрінде үйде пайдаланады - бұл қауіпті. Коронавирус инфекциясы тромбоздың түзілуіне себепкер болады және бұл препараттар мұндай инфекция кезінде антитромб үшін пайдалануға болады. Бірақ бұл терапияны тек стационарда лабораториялық бақылау арқылы жасау керек", - деді Қарабаева ОКҚ брифингінде.

Антикоагулянттар - қанның ұйып, тромб түзілуіне кедергі жасайтын дәрілік заттар. Ацетилсалицил қышқылы (аспирин) қанның ұюын азайтады, бірақ антикоагулянттарға жатпайды. Ацетилсалицил қышқылы салдарынан асқазан жарасы пайда болуы және асқазан-ішек жолы қанауы мүмкін. Асқазан-ішек жолдарында проблемалары бар адамдарға ішуге болмайды.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 51 059-ға жетті. 16 928 науқас жазылды, 264 адам аурудан көз жұмды.

8 шілде 2020, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.