Атырау, 29 наурыз 03:04
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тоқаев Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Сурет
3 203 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов және "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделі жоғары екенін атап өтті.

"Елбасы заманауи мемлекет құрды, Қазақстанның шекарасын әлем картасына енгізді. Бұл туралы әлемнің барлық көрнекті саясаткері айтып жүр, олар осы күні Елбасына қоңырау шалып, құттықтауда. 80 жас - әр адамның өміріндегі өте маңызды кезең. Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ ғұмыр тілеймін. Ол халқымызға, мемлекетке әлі де үлкен пайда әкелетініне сенімдімін", - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесі мен ерекше рөлін атады.

"Бүгін тарихи күн - Елбасы 80 жасқа толды. Ол - қазақ халқының ұлы баласы. Біз әдетте: "Еліміздің ұлы қайраткері, ұлы перзенті" дейміз. Бүкіл әлем осындай пікірде. Бұл шын мәнінде ұлы адам және біз оны айтуымыз керек. Әрбір халық өзінің көрнекті тұлғаларымен танымал болғандықтан, әрбір халық өзінің тарихи қайраткерлерін мақтан тұтуы тиіс", - деді Мемлекет басшысы.


6 шілде 2020, 19:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.