Атырау, 6 қараша 21:41
 дождьВ Атырау +4.9
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53

Нұр-Сұлтандағы мерекелік отшашу онлайн көрсетіледі

3 560 рет қаралды

Нұр-Сұлтандағы мерекелік отшашу бүгін сағат 23:00-де онлайн көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін Нұр-Сұлтанда Елорда күніне мерекелік отшашу өтеді. Тікелей эфир сағат 23:00-де Хабар24 телеарнасында көрсетіледі. Отшашу Есіл өзенінің (Орталық саябақ) жағалауында, Ботаникалық бақ (Қабанбай батыр даңғылы жағынан) және Пушкин – Абылайхан көшелерінің қиылысында басталады", - делінген хабарламада.

Отшашуға бюджеттен ақша бөлінбеген – шара демеуші қаражаты есебінен ұйымдастырылады.

"Тұрғындар санитария нормаларын қатаң сақтауы керек: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтауы және антисептик қолдануы тиіс", - деген ескерту жасалды.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар астананың 22 жылдығын атап өтуде.


6 шілде 2020, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.