Атырау, 19 сәуір 13:34
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

COVID-19: дәрігер желіде тараған кеңес несімен қауіпті екенін айтты

2 859 просмотра

Коронавирустың ауыр жағдайында тыныс алу гимнастикасы қауіпті. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, "Астана медициналық университетінің" кафедра меңгерушісі Нұрила Малтабарова айтты.

Доценттің айтуынша, тыныс алу гимнастикасы өкпені сауықтырудың жақсы тәсілі. Алайда оны дәрігер тағайындау керек.

"Тыныс алу гимнастикасын аурудың ауыр жағдайында жасауға болмайды. Гимнастиканы науқастардың постстационарлық кезеңіне қосуға болады", - деді дәрігер.

Сондай-ақ, мамандар коонавирустың алдын алу үшін спортпен шұғылдану қаншалықты тиімді екенін айтты. 

Дәрігерлер иммунитетті нығайту үшін спортпен бірқалыпты айналысу керек екенін алға тартты. Алайда адамдар арасындағы қашықтықты пен санитарлық нормаларды сақтаудың әлдеқайда маңызды екені айтылып отыр. Бұған қоса, дұрыс ұйықтап, тамақтануға назар аударған жөн.

6 шілде 2020, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.