Атырау, 25 сәуір 11:03
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

4 155 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды  Ұлттық домбыра күнімен құттықтады деп хабарлайды Ақорда сайты

"Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген. Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес" делінген хабарламада. 

Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем. Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» екенін атап өтті президент. 

Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.   Жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпаздарға алғыс айтамын. Домбыра мерекесі құтты болсын! Әр шаңырақтан ән-күй үзілмесін! - деп құттықтады Тоқаев.


5 шілде 2020, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.