Атырау, 16 қаңтар 06:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

​Білім беру ұйымдарына медициналық анықтамама ұсынбауға болады

3 223 просмотра
Көрнекі сурет

Білім беру ұйымдарына қабылдану кезінде медициналық анықтамаларды уақытша ұсынбауға мүмкіндік беріледі деп хабарплайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алуда туындаған қиындықтарға байланысты Білім және ғылым министрі білім беру ұйымдарына (балабақшаларға, мектептерге, колледждер мен жоо-ларға) құжаттарды медициналық анықтамаларсыз қабылдауға уақытша рұқсат беру туралы бұйрыққа қол қойды.

Egov.kz порталы арқылы құжаттарды жіберу барысында медициналық анықтамаларды өзіне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмайтын азаматтар үшін аталған анықтамаларды кейін ұсынуға мүмкіндік беретін функция іске қосылады. Қазіргі уақытта білім алушылар медициналық тексеруден өткені туралы анықтамаларсыз шартты түрде білім беру ұйымдарына қабылданады.

Медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.

3 шілде 2020, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.