Атырау, 27 сәуір 02:55
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Вице-премьер тығылып той өткізетіндер туралы айтты

2 915 просмотра

Қазақстан үкіметінің басшысы Ералы Тоғжанов карантинге қарамастан тығылып той өткізіп, бетперде кимейтіндер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ол коронавирустың ел ішіне кең таралуына адамдардың жауапсыздығы мен немқұрайлығы да себеп болып отырғанын атап өтті. 

"Әлем бойынша бұл індетті он миллионнан астам адам жұқтырып, бес жүз мыңнан астамы қайтыс болса да, біздің ел тығылып той тойлап, бетперде киюді әлі де ұят санайтындар жоқ емес. Мәселен, амбарларға тығылып той жасау, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулада той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты тағы басқалары толып жатыр. Оған өздеріңіз де куәсіздер. Осындай әр шараның соңында кемінде жиырмадан астам адамның ауруханаға түсіп, көз жұмып жатқаны мәлім", - деді Тоғжанов баспасөз мәслихатында. 

Вице-премьер елдегі күрделі ахуалдан шығу үшін әр адам жауапкершілік танытуы қажет екенін айтты. 

"Мемлекет қабылдаған шаралардың басты мақсаты сөзсіз, ең алдымен, адам өмірін сақтауға бағытталған", - деді ол. 

Айта кетсек, Қазақстанда 5 шілдеден бастап жаңа карантиндік шаралар күшіне енеді.  Карантин екі аптадан кейін ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.

2 шілде 2020, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.