Атырау, 16 қаңтар 05:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Еуропа одағы 1 шілдеден бірқатар ел үшін шекарасын ашты: Қазақстан тізімде жоқ

2 866 просмотра

Еуропа одағы коронавируспен күресудің бұрын-соңды болмаған шараларын қабылдап, 17 наурыздан бастап үшінші елдермен шекарасын жауып тастаған еді.

Осы уақыт аралығында одаққа мүше ірі мемлекеттер инфекциямен күресті, ондаған мың адам қайтыс болды.

Індеттің шарықтау шегінен өткен Еуропа одағы 1 шілдеден бастап эпидемиологиялық жағдайы жақсарған елдер үшін шекарасын аша бастады.

Әуе қатынасы қалпына келген елдер тізіміне Алжир, Австралия, Канада, Грузия, Жапония, Черногория, Марокко, Руанда, Сербия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис, Уругвай мен Жаңа Зеландия кірген. Еуропа Одағының азаматтары Қытайға тиісті ескертулермен жіберілетін болды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

1 шілде 2020, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.