«Жолаушылар тасымал» АҚ елімізде бірнеше бағытта жүретін пойыздар уақытша жолға шықпайды. Бұл жайында «Қазақстан Теміржолының» баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, үш бағыттағы коммерциялық пойыздар шілдеден бастап қызметін уақытша тоқтатады. Олардың барлығы да Тальго вагондарынан жасақталған.
«Елордадан 1 шілдеде, Атыраудан 2 шілдеде жолға шығуы тиіс №19/20 Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Атырау бағытындағы пойыз; 2 шілдеде елордадан, 3 шілдеде Оралдан жолға шығатын №95/96 Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойыз, Алматы-2 станциясынан 1 шілдеде, елордадан 2 шілдеде жолға шығатын №701/702 Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағытындағы пойыз жолға шықпайды», - делінген аталған хабарламада.
Аталған пойыздарға билет алып қойған жолаушылар билеттерін өткізіп, ақысын толық қайтарып ала алады немесе өзге пойыздардың билетіне ауыстыра алады.