Атырау, 22 желтоқсан 13:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

4 480 рет қаралды

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап 31 желтоқсанға дейін фильтрлі және фильтрсіз темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 440 теңгені құрайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейін) фильтрлі және фильтрсіз темекінің бір қорабының бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 420 теңге болған еді, - деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша МКД.

Айта кетсек, фильтрлі және фильтрсіз темекіге арналған бөлшек сауда бағалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі "Фильтрлі және фильтрсіз темекілердің бөлшек саудадағы бағаларын белгілеу туралы" қаулысымен бекітілген.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі мен темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 460 теңгені құрайды.

30 маусым 2020, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.