Атырау, 22 желтоқсан 13:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Шпекбаевтың қызметтен кеткені туралы ақпаратқа Жемқорлықпен күрес агенттігі жауап берді

4 468 рет қаралды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаевтың қызметтен кеткені туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа аталған ведомствоның баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, бұған дейін танымал блогер Ербол Еділовтің Telegram-каналында Шпекбаевтың отставкасы туралы жазылған болатын.

«Кей дереккөздердің ақпаратына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев зейнет жасына жетуіне байланысты қызметтен кетуге өтініш берген. Оның отставкасын қабылдау туралы шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды», - делінген аталған жазбада.

Ведомство өкілдері бұл ақпарттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Айта кетейік, Алик Шпекбаев аталған агенттікті 2019 жылдың маусым айынан бері басқарып келеді. 4 шілдеде ол 63 жасқа толады.

29 маусым 2020, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.