Атырау, 16 қаңтар 02:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

12 мемлекетте қазақ тілін үйрететін онлайн-сыныптар ашылды

3 163 просмотра

Шетелдегі қазақтар үшін ана тілінде сабақ оқытатын онлайн сыныптар 12 мемлекетте ашылды, деп мәлімдеді ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева, деп хабарлайды zakon.kz.

"Отандастар" қорымен бірлесіп, бірлескен жобалар қолға алынды. 2018-2022 жылдарға арналған бір жобаны Үкімет мақұлдап та үлгерді. Сонымен қатар, көптеген елдерде "Отандастар"қорымен бірге мәдени және бизнес үйлер ашылды", - деді Балаева ОКҚ-дағы брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде мұндай орталықтар Қытайда, Ресейде, Монғолияда, Өзбекстанда, Германияда және Түркияда ашылған.

- Қазіргі уақытта қазақ тілін оқыту мәселелері бойынша 12 мемлекеттің 23 қаласында қазақ тілін оқытатын 31 онлайн-сыныптар ашылды. Биыл оларда 2,5 мың бала оқитын болады, - деді министр.
29 маусым 2020, 13:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.