Желіде ауыл шаруашылығына арналған қоймалардың бірінде той жасауға дайындық жүріп жатқан сәт бейнеленген видео пайда болды. Аталған шара Қарағанды облысы, Осакаров ауданында болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл видео бойынша Осакаров ауданы Молодежный кентінің полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді. Жеке кәсіпкер той ұйымдастырғанын жоққа шығарады. Тойға дайындық жүрген. Нысан иесі сапарда болғандықтан бұл жайлы бейхабар болған. Шара ұйымдастырушысы жеке кәсіпкердің інісі болып шықты. Той болмады", - дейді Осакаров ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері.
Қарағанды облысының санитарлық қызметінің мәліметі бойынша, жеке кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramКак известно, в стране запрещены свадебные мероприятия, но разве казахские тои можно отменить?) Нельзя проводить торжества в ресторанах - мы найдем новые уникальные места для тоя. Опасный вирус бушует по всему миру - нет, только не для казахов)
Публикация от © ZTB MEDIA 2020 (@ztb_video)
"Нысан басшысы қызметкерлерін жұмыстан босатты. Сондай-ақ, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары бірнеше рет түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қарағанды облысының бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысы таныстырылды", - дейді Қарағанды облысының санитарлық қызметінің өкілдері.
26 маусым 2020, 17:31