Атырау, 15 қаңтар 22:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Ақмолада қызды құтқарғысы келген жігіт суға батып кетті

3 274 рет қаралды

Ақмола облысында 29 жастағы жігіт қызды құтқарамын деп өзі суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақтың ТЖД қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарламасына қарағанда, қайғылы жағдай Оразақ ауылында болған. Ол жаққа жастар демалу үшін Нұр-Сұлтаннан келген.

"Тоғыз дос жиналып шамамен сағат 20.00-ге қарай ауылға келген. Содан соң Нұра өзеніне шомылған. Тамақ пісірген. Таңғы сағат 5-терге қарай қыздардың біреуі жардан аяғы сүрініп, өзенге құлаған. Екі жігіт қызға көмектесу үшін суға секірген. Қызды құтқарған жігіттің біреуі батып кеткен. Ол 1991 жылы туған", - деді Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Манарбек Шапағатов.

Құтқарушылар аталған су қоймасы шомылуға арналмағанын ескертті. Оразақ ауылына жақын жерде шомылуға болмайтын тыйым қойылған. 

22 маусым 2020, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.