Атырау, 16 қаңтар 00:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Жаңаөзенде бір апта ішінде пневмониядан 6 адам көз жұмған

2 922 просмотра

Жаңаөзенде 15-22 маусым аралығында 105 пациентке пневмония диагнозы қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірдің қоғамдық коммуникация орталығының өкілі 15-22 маусым аралығында 105 пациентке пневмония диагнозы қойылғанын хабарлады. Науқастардан коронавирус анықталған жоқ. Осы уақыт аралығында алты адам көз жұмды.

Жаңаөзен қалалық ауруханасының кардиология, неврология және терапия корпусы пневмониямен түскен науқастардың көбеюіне байланысты провизорлық бөлімдерге қайта жабдықталды.

Еске салайық, Ақтөбеде кенеттен пневмонияның өршуі байқалды, екі күн ішінде бұл диагноз 200-ге жуық адамда расталды. Науқастар өте ауыр жағдайда ауруханаға түсіп жатыр. 

22 маусым 2020, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.