Атырау, 9 маусым 07:33
 дождьВ Атырау +18.2
$ 484.78
€ 558.66
₽ 6.60

ҰБТ қашан басталатыны белгілі болды

3 102 рет қаралды

Биыл елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусым күні басталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Биыл ҰБТ-ның алғашқы күні 21 маусымға, жексенбіге түсіп отыр. Бірінші күні тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады, бұл тестілеудегі ең аз ағындардың бірі. ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана жұмыс істейді. Оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді", - делінген хабарламада.

21 маусым мен 5 шілде аралығында тестілеу тапсырылатын ағындардың жалпы саны - 15.

ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданады:

- дезинфекциялық тоннельден өту,

- арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру,

- дене қызуын өлшеу, қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу,

- медициналық маскалар беру.

Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тест тапсырушылар арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етіледі, әрі әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңімен желдетіліп өңделеді.

"Санитарлық талаптар қатаң сақталады. Сондықтан аудиторияны тек 50 пайызға дейін толтыруға болады. Сәйкесінше, жобалық қуаттылық ҰБТ-ны 6 күннің ішінде өткізуге мүмкіндік бергенімен, шағын ағындарды жинақтау үшін тестілеу 15 күннің ішінде жүргізіледі", - делінген хабарламада.

19 маусым 2020, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.