Атырау, 22 желтоқсан 11:48
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Тоқаев: Үкімет коронавирус бойынша жаңа шараларды жариялайды

4 236 рет қаралды

Үкімет ертең эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты шараларды жариялайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан коронавирус індетінің таралу қаупі күшейіп тұр. Дегенмен, Үкіметтің бақылауында. Ертең Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Соңғы бірнеше аптада Қазақстанның бірқатар аймағында карантин талаптары күшейтілген. Елде коронавирус жұқтыру және аурудан өлім деңгейі өскен. 

17 маусым 2020, 19:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.