Атырау, 12 желтоқсан 09:43
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Қазақстандық жоғары оқу орындары әлемдік нарыққа қашан шығады?

3 956 просмотра

Ақпанның 19-ы күні «Ренессанс» қонақ үйінде шетелде білім алуға байланысты жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеде әлемнің 17 елінің 83 оқу орны таныстырылды.

Байқағанымыз, жәрмеңкеге белсене қатысушылар - қазақ-түрік лицейінің және орта техникалық гимназияның 11 сынып оқушылары мен Қатира Дүтбаев атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері. Олардың басым бөлігі – аудармашылық және инженерлік кәсіпті таңдапты.

Жалпы, әр елдегі оқу орны талапкердің алдына әр түрлі талап қояды. Соның ішінде ағылшын тілін жетік меңгеру – бәріне бірдей ортақ талап. «Globus Education» орталығының директоры Дәулет ӘСІЛБЕКОВТЫҢ айтуынша, қазір жастардың көпшілігі Канада мен Жаңа Зеландияда және Малайзияда оқуға құштар. Себебі, онда оқу ақысы басқа елдерге қарағанда сәл арзандау және білім мен өмір сапасы жоғары екен. Мәселен, Канадада үш жыл оқып шыққан жас маман автоматты түрде сол елде үш жыл жұмыс істеуге қалдырылады. Және, ондағы оқудың ақысы да Ұлыбританиямен салыстырғанда, екі есе төмен көрінеді. Мәселен, Канадада оқу 20 мың доллар тұрса, Англия елінде 40 мың доллар, ал Швейцарияда орташа есеппен 60 мың доллар болса, Кипр университеттерінің бірінде магистратураның бір жылын оқуға 10 мың доллар қажет екен.

Сонымен, Канада мен Жаңа Зеландия экология жағынан қауіпсіз елдер болып саналатын болса, кей студенттердің Малайзияға көптеп ағылуы – ондағы оқу бағасының 10-12 мың долларға шығатынымен байланысты екен. Осы тұрғыдан алып қарағанда, басқа дамыған және дамушы елдердегідей біздің Қазақстанның бірде-бір университетінің шет елге шығып, өзінің білім беру сапасымен мақтана алмай отырғаны өкіндіреді. Дәулет Әбдурахманұлы: «Біз шетелге жәрмеңкеге шықпағанымызбен, КИМЭП, Назарбаев университеттеріне Өзбекстан, Қырғызстаннан жастар келіп оқуға түсіп отырғанын білемін», деп отыр. Соған қарамастан, еліміздің білімін саудалайтын кезеңі туатынына кәміл сенген ол соңғы жылдары біздің жастарымыздың қаржы көздерін көп табатын мамандықтарға сұраныс артып, әсіресе экономика, инженерия саласын таңдап отырғандар көп кездесіп отырғанын айтады.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор

24 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.