Қызылорда облысында шектеу шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысында айтылады.
Облыста соңғы 7 күнде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар деңгейі 7 пайыздан асып кетуіне байланысты осындай шаралар қабылданатыны айтылады.
Құжатқа сәйкес, көпшілік іс-шараларды (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салынады, ұжымдық, жанұялық (туған күн, үйлену тойы, құдалық, басқа да дәстүр мен әдет-ғұрып шаралары т.б.) барлық жиынға тыйым салынады.
"Қашықтан жұмыс жасайтын қызметкерлердің шектеу және карантиндік шараларды қатаң сақтауын тапсыруды;
5) білім беру орталықтарының, үйірмелердің, қосымша білім беру орталықтарының (репетиторлық, тілдік) жұмыс тәртібін сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін шектеуді;
6) жекелеген тұрғындардың құран бағыштауын қоспағанда, мешіттерде жұма намазын өткізуді, діни үйлерде дәстүрлік шаралар (ас беру және т.б.) өткізуге тыйым салуды;
7) бала-бақшалардың кезекші топтарын қоспағанда (1 балаға 4 шаршы метрді құрайтын), меншік нысанына қарамастан барлық бала-бақшалардың жұмысын тоқтата тұруды;
Қала, аудан әкімдіктері, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасына:
1) меншік нысанына қарамастан барлық балаға арналған жазғы тынығу, сауықтыру және мектеп жанындағы күндізгі лагерьлердің, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының, кинотеатрлар, түнгі клубтар, футкордтар және тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру-алу қызметтеріне тыйым салуды;
2) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен санаторлы-курорттық нысандардын жұмысын жалғастыруды;
3) оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына тыйым салуды;
4) кальянды пайдалануға тыйым салуды;
5) компьютерлік және интернет, бильярд клубтар, букмекерлік және лото- кеңселердің жұмысын (келушілер мен қызметкерлерін қосқанда), бір адамға кемінде 4 шаршы метр құрайтын көлемін сақтай отырып, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеуді;
6) жәрмеңкелердің, азық-түлік емес тауарлар, киім-кешек базарлары мен сауда орындарының жұмысын сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін шектеуді;
7) онлайн форматта қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін шектеуді;
8) барлық меншік нысанындағы спорт объектілерінің (фитнес клубтар, тренажер залдары, спорт кешендері) жұмыс тәртібін сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеуді;
9) демалыс парктерінде барлық аттракциондар, ойын орындары, кассалар мен кәсіпкерлік нысандар кезектерінде шоғырландыруды болдырмай, әлеуметтік қашықтықты кеміне 1,5 метр сақтай отырып жұмыстарын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеуді;
10) облыс, аудан орталықтарындағы қоғамдық көліктің жұмысына сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеуді, бұл ретте жолаушылар саны көліктегі орындық санынан аспауы тиіс;
11) такси қызметтері санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық ережелер алгоритмдерін сақтай отырып 2 ересек адамға дейін немесе бір ересек адам екі кәмелетке толмаған баланы алып жүруі талаптарын сақтай отырып жұмысын сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеуді;
12) штаттық режимде жұмыс жасайтын дәріханаларды қоспағанда, азық-түлік гипермаркеттері, оптомаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер, бірінші кезекте қажетті тауарлар (шаруашылық және гигиеналық тауарлар) саудасы жұмысын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеуді;
13) көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықтың сақталуын және келушілер саны бір мезетте 30 адамнан асырмау талабымен, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын 11.00-ден 22.00-ге дейін шектеуді қаулы етемін", - делінген хабарламада.