Атырау, 15 қаңтар 20:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Министр Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланып отыр

3 001 просмотра

ҚР денсаулық сақтау министр Елжан Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

Ол Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр екен.

"Денсаулық сақтау министрінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оған қойылған диагноз - пневмония. Қазіргі уақытта хаттамаға сай ем алып жатыр. Стационарда ем алып жатқанына қарамастан, министр коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн түрде реттеп жатыр. Елжан Амантайұлының тезірек қатарымызға қосылғанын күтеміз", - деп хабарлады Диас Ахметшәріп.

Әзірше министрдің қызметін уақытша Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева қатар атқарып жатыр.

Еске салайық, өткен жексенбіде, 14 маусымда министрдің коронавирус жұқтырғаны анықталған еді. 

16 маусым 2020, 01:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.