Атырау, 19 қаңтар 20:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -16
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Сенат депутаттарының сайлауына қанша ақша жұмсалады?

3 134 рет қаралды

Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына республикалық бюджеттен Орталық сайлау комиссиясына 254,5 миллион теңге бөлінді", - деп хабарлады Мұстафина ОСК-дағы брифингте.

Оның айтуынша, бұл ақша сайлау комиссияларының қызметі мен ұйымдастыруға, мәслихат депутаттарының іссапары және көлік шығындарына, сайлау компаниясының қызметін ұйымдастыру үшін қажетті полиграфиялық қызметтерге, сондай-ақ сайлау нысандарын рәсімдеу қызметтеріне, БАҚ-та ақпарат жариялау және басқа да шығындарға жұмсалады.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 тамызға Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. 

12 маусым 2020, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.