Атырау, 11 қараша 00:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Петропавлда балабақшада коронавирус анықталды

2 835 просмотра

Петропавлда балабақша 14 күнге карантинге жабылды. Үш жасар баладан COVID-19 анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар брифингінде белгілі болды.

"Байланыста болған адамдар анықталды. 23 жақын адам анықталды, бір топтан 18 адамнан анықталды. 13 адам - сол балабақшаның қызметкері. Барлығынан сараптама алынды. Коронавирустың алдын алу мақсатында балабақша қызметі уақытша 14 күнге тоқтатылды", - деді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.

Оның айтуынша, 3 жасар бала коронавирус жұқтырған ересек адаммен байланыста болған. Ер адам 25-30 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысынан басқа аумаққа барған. Қалаға келген соң өзін нашар сезініп, дене қызуы жоғарылаған. Сараптама коронавирус барын көрсеткен.

9 маусым 2020, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.