Атырау, 20 сәуір 07:43
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Биыл Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы қауіпсіз үйге көшіріледі

2 593 просмотра

Нұр-Сұлтан қаласында апаттық жағдайдағы ескі үйлер бұзылуда. Биыл 800-ден астам отбасы жаңа және қауіпсіз үйге көшіріледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Осы күндері Бейсекбаев көшесінде орналасқан ескі үйлерді бұзу басталды. Бұл үйлердің пайдалануға берілгеніне 70 жылға жуықтаған. Жыл соңына дейін күрелетін үйлердің қатарында 1930 жылы салынған баспаналар да бар.

Бұдан бөлек 2020 жылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделіп, 100-ден астам жеделсатыға жөндеу және ауыстыру жүргігізіледі.

"Жаңғырту бағдарламасы – ол қайтарылатын қаржы. Мемлекет күрделі жөндеуге қаржы бөледі, кейін ол 15 жыл мерзімге дейін тұрғындар арасында бөлінетін болады", – делінген хабарламада.

Снос аварийного жилья

Дереккөз: sputniknews.kz

7 маусым 2020, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.