Атырау, 19 сәуір 19:21
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

ДДҰ бетперде тағуға қатысты ұсынысын өзгертті

3 266 просмотра

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бетперде тағуға қатысты ұсынысын өзгертті. Ұйым қоғамдық көлік пен дүкендерде масканы міндетті түрде қолдану керек екенін айтты.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үкіметтерге кеңес берді. Ұйым коронавирус кең таралып, қашықтық сақтау қиындайтын жерлерде халыққа бетперде тағуды ұсыну қажет деп отыр. Мәселен, қоғамдық көлік пен дүкендерде маскасыз жүрмеген жөн", — деп жазады РИА Новости ұйым өкілінің сөзіне сілтеме жасап.

ДДҰ созылмалы ауруы бар және 60-тан асқан адамдарға бетперде тағу маңызды екенін хабарлады. Сондай-ақ, барлық медициналық қызметкерлер маска тағуға міндетті. 

Бетперде вирустан тиімді қорғауы үшін кем дегенде үш қабат болуы керек екені айтылды.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 12 551 адам коронавирус жұқтырды. 6 903 адам жазылып шықты, 52 науқас көз жұмды.

Дереккөз: sputniknews.kz

6 маусым 2020, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.