Атырау, 26 сәуір 07:24
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қоғам белсендісі Алматыда көліксіз күн ұйымдастыруды ұсынды

2 525 просмотра

Сәулетші және қоғам белсендісі Жанна Спунер айдың әр бірінші жексенбісінде Алматы орталығын көліктерден жабуды ұсынды. Әкімдік оның ұсынысын қарастыруға қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанна Спунер қаладағы ауа сапасын жақсарту бойынша идеяларды әзірлейтін қоғамдық мамандардың экологиялық тобының мүшесі.

Ол айына бір рет Алматының орталық көшелерін көліктен босатуды ұсынды.

"Шамамен таңғы сағат 10:00-де қала жабылады, көліктер шыға және кіре алмайды. Саяжайға, қала сыртына немесе тауға барғысы келетіндер сағат 10.00-ге дейін кетіп, қайта оралуына болады. Бұл ретте көлік артериялары жабылмайды: Әл-Фараби, Саин, Райымбек, Рысқұлов даңғылдары. Бұл, әрине, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем, инватакси, қоғамдық көлікке қатысты емес. Бұл күндері қоғамдық көлік үшін жылдамдықты төмендетуді ұсынамыз", - деді ол.

Жанна Спунер әкімдік оның идеясын кезең-кезеңімен жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Алдымен кей учаскелер мен көшелер, содан кейін барлық орталық жабылады.

Әкімдік қабылдады. Бірақ бұл идеяны осы жексенбі енгізеді деген сөз емес. Дайындық жұмыстары қажет. Шілде айының бірінші жексенбісінде біз шектеулер мен карантинді алып тастаған соң, оны эксперимент түрде жасап көреміз", - деді ол.

Қоғам белсендісінің айтуынша, Италияның 140 қаласында автокөліксіз күн акциясы өткізіледі. Онда сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін көліктенге көшелер жабылады. Жанна Спунер осындай күндердің біріне куә болып, өзгерістерге таңғалғаны сонша, ондайды өзінің туған қаласына енгізгісі келетінін айтты. 

Сонымен қатар, бұл үлкен мәселенің шешімі бола алмаса да, оған назар аударуға, қаланы бір күнге босатуға, тазартуға және қауіпсіз етуге, арман қала жасауға көмектесетінін түсіндірді.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыда  серуендеу үшін демалыс күндері кей жерлерде автомобильдерге жол жабылатынын мәлімдеген болатын.

"Нақ қандай көшелер екенін кейінірек хабарлаймыз. Дайын болайық", - деп жазды Сағынтаев.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

5 маусым 2020, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.