Алматы облысында итті тірідей өртегендер ұсталды

426 рет қаралды

Алматы облысы Алакөл ауданының полицейлері жедел іздестіру шаралары барысында итті тірідей өртеді деген күдікпен екі жасөспірімді ұстады.

Жаға ұстатар қылмыс Қабанбай ауылында болған, деп хабарлады Polisia.kz.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен аталған елді мекеннің кәмелетке толмаған екі тұрғыны – 2004 жылы және 2005 жылы туған жасөспірімдер ұсталды. Олар шұғыл ұйымдастырылған тергеу жұмыстарының алғашқы сағаттарында-ақ анықталды", – деді Алматы облысы Алакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуат Оспанов.

Оның айтуынша, жасөспірімдер кінәсін толығымен мойындап, ауыр қылмысты қызық үшін жасағанын жеткізген.

"Мұндай қаскөйлік әрекетке қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп түйіндеді бөлім бастығы.


Аталған дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Дереккөз: Polisia.kz

5 маусым, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.