Атырау, 24 сәуір 21:00
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қазақстанда күн суытады

4 149 просмотра

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

5 маусымда түнде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында 1-3 градус аяз болады.

5 маусымда күндіз Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде күн күркірейді, бұршақ жауады. Қарағандыда солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15 метр болады.

5 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 9-14 метр. Өскемен және Семей қаласында найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

5 маусымда Маңғыстау облысында күн күркірейді. Күндіз қатты ыстық 38 градус, шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр. Ақтауда күннің екінші жартысында күн күркіреп, кешке солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-18 метр.

5 маусымда Атырау облысында күн күркіреп, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, оңтүстікте 35 градус ыстық болады.

5 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 15-20 метр. Шымкент және Түркістан қалаларында солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

5 маусымда күндіз Қызылорда облысында оңтүстікте 40 градусқа дейін ыстық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - секундына 15-20 метр, кей жерлерде шаңды боран соғады.

5 маусымда Алматы облысында күн күркіреп, күндіз батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысып, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр болады.

6-7 маусымда түнде солтүстік-шығыста, Алматы облысының таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін аяз болады.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады: кей жерлерде күн күркірейді, күндіз батыстан кейін солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

6-7 маусымда түнде ШҚО-да 1-3 градус аяз болады.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

5 маусым 2020, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.