Атырау, 27 сәуір 09:14
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады

2 767 просмотра

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады, - деп хабарлайды  elbasy.kz

Кездесу барысында Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің жаңа жағдайда атқарып жатқан жұмысының маңыздылығына тоқталды. Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарғаны атап өтілді.

Өз кезегінде Әсет Исекешев коронавирус эпидемиясына қарсы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінің орындалу барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, әскери, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметі бойынша мәселелер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кешенінің даму перспективалары жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

Дереккөз: elbasy.kz 

2 маусым 2020, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.