Атырау, 8 мамыр 07:53
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақстан коронавирустың екінші толқынынан қалай сақтанып жатыр

2 568 просмотра

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус індетінің екінші толқынын болдырмас үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Халықаралық тәжірибе ауру белгілері байқалмайтын және жеңіл түрімен ауыратын адамдар амбулаторлық түрде емделетінін көрсетіп отыр. Осыған байланысты алғашқы медициналық-санитарлық желіге жүктеме артады. Қазір мамандарды оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылып отыр", - деді Есмағамбетова тікелей эфирде.

Ол коронавирустың екінші толқынының алдын алу үшін зертханалардың тестілеуге дайындығын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

"Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің, санитарлық көмектің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің кадрларын даярлау қажет. Маусымдық ауруға дайын болу үшін негізгі бағыттар осы", - деді бас санитар дәрігер.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға халық көп жиналатын орындарда тепловизор орнату мәселесін қарастыру тапсырылды.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан 

2 маусым 2020, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.