Атырау, 20 сәуір 03:14
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Әкімдікте баспана кезегі болмайды - "Отбасы банкі" қалай жұмыс істейді

3 315 просмотра

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Отбасы банкін құру туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, жаңа тұрғын үй саясаты бойынша әрбір адам қалтасына қарай баспана алуы қажет. Осыған орай әкімдік кезегінде тұрған азаматтарға да үй алуды сан алуан жолдары ұсынылады. Табысы төмен адамдар жалдамалы үйге кіре алады, ал кірісі жоғары азаматтар үшін жеңілдетілген ипотека қарастырылған. Осы жұмыспен бұрынғыдай Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі айналысады.

Бірақ оның атауын "Отбасы банк" деп өзгерту ұсынылып отыр. Соның негізінде "Алғашқы баспанамен қамтамасыз ету орталығы" құрылады. 

"Жаңа жүйе бойынша адамдар табысына қарай тұрғын үй сатып алу жолдарын таңдайды. Мысалы, егер табысыңыз 1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне, яғни 32,7 мың теңгеге жетпесе, онда сіздің жалдамалы пәтерді алуға құқығыңыз бар. Ондай баспана жеке меншікке сатылмайды. Сонда осы санаттағы адам Отбасы банкіне келіп, тіркеуге тұрады. Сөйтіп, кезекке тұрып, жалдамалы пәтер бағдарламасы бойынша баспана алады", - деді Атамқұлов бүгінгі есеп беру кездесуінде.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде республика бойынша әрбір әкімдікте баспана кезегі жүргізіледі. Ал Отбасы банкінде бірыңғай тізім болады деген жоспар бар. 

"Бұл дегеніміз, Қазақстан азаматы "Отбасы банкінің" ақпараттық базасында болатын кезек бойынша баспананы кез келген облыста ала алады", - дейді Атамқұлов.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан 

2 маусым 2020, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.