Атырау, 28 наурыз 13:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қазақстандықтар үйінің терезесін қайта жабдықтауға міндеттеледі

3 348 просмотра

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті терезені жабдықтау талаптарына өзгеріс енгізеді. Бұл туралы бүгінгі онлайн брифингте елордалық департаменттің басқарма басшысы Орал Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Негізгі мақсат – балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу. Ол үшін мемлекеттік стандартқа терезенің ашылатын жерлеріне торлар мен қауіпсіздік құлыптары сияқты арнайы құралдарды орнату талабын енгіздік", - дейді Әбдірахманов.

Оның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде қауіпсіздік құлыптарын мемлекеттің қаражатына орнату жоспарланған. Бүгінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті ұсыныстар жолданды.

"Өкінішке қарай, жыл басынан бері 21 бала терезеден құлап кетті. Жаңа талаптың арқасында осындай оқиғалар азайып, бала өлімі төмендейді деген сенім бар. Көпқабатты үйлерде терезеге арнайы қауіпсіздік жабдықтарын ата-аналардың өздері орнатады. Себебі олар балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты", - деп атап көрсетті Әбдірахманов.

Оның айтуынша, қауіпсіздік құлыбы және тордың бар-жоғын ешкім тексермейді. Бірақ халық арасында түсіндіру шаралары кеңінен жүргізіледі.

1 маусым 2020, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.