Атырау, 23 желтоқсан 14:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Министрлік балалар лагері қашан ашылатынын айтты

3 182 рет қаралды

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балалар лагері қашан ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биылғы жаз 3 миллион 57 мың мектеп оқушысы үшін өзгеше болмақ. Себебі биылғы жазғы демалысты ұйымдастырудың өзгешелегі бар. Балаларды қорғау комитеті негізгі үш бағытты атады. Бірінші бағыт - лагерь жұмысын ұйымдастыру. Екінші бағыт - белгілі бір санаттағы балаларға лагерь ұйымдастыру. Үшінші бағыт - қауіпсіздікпен қамтамасыз ету", - деді БҒМ Балаларды қорғау комитетінің төрайымы Юлия Овечкина.

Оның айтуынша, балаларды сауықтыру лагері мен кешендерінің ашылу мәселесін жергілікті атқарушы органдар шешеді.

"Балалар лагері 8 маусымнан бастап 2 өңірде, 15 маусымнан бастап 12 өңірде, 20 маусымнан бастап тағы 2 өңірде ашылады. Алматы қаласынан тыс аумақтардағы лагерьлердің жұмысын тоқтату туралы шешім шықты. Болжам бойынша, 12 154 лагерьдің 65 пайызы жұмыс істейді", - деді ол.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

1 маусым 2020, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.