Атырау, 14 қыркүйек 20:29
 дождьВ Атырау +31.7
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

3 177 рет қаралды

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан соң болды. Санитарлық рейс орындаған ұшақ Үржарға Семейден ұшып келген.

Өрт шыққан кезде ұшақ бортында адамдар болмаған. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ "Тараз Жаңа Әлем" жекеменшік әуе компаниясына тиесілі.

Дереккөз: sputniknews.kz

30 мамыр 2020, 22:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.