Атырау, 29 наурыз 20:08
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Санитар дәрігерлер кейбір блокбекетті қалдыруы мүмкін

4 248 просмотра

Бас мемлекеттік санитар дәрігерлер мен әкімдіктер коронавирус таралған аумақта блокбекеттерді қалдыруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұндай шешімді үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық ететін коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

"Бас мемлекеттік санитар дәрігерлер мен әкімдіктер шешімі бойынша коронавирус таралған аумақта блокбекеттер қалдыруы мүмкін", - делінген аумақта

Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтары арасындағы, теміржол және аймақаралық жолаушылар тасымалы қалпына келтіріледі.

Жолаушыларды тасымалы денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитарлық талаптарға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады. Бұл талаптардың орындалуын теміржол және автовокзалдарда ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қадағалайды.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда 1 маусымнан бастап облыстар арасындағы блокбекеттер алынатынын, қазақстандықтарға басқа қалаларға өз көлігімен баруға рұқсат берілген еді.

Сондай-ақ, кинотеатрлар мен фитнес-орталықтар жұмысын бастайды.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

29 мамыр 2020, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.