Атырау, 20 сәуір 01:27
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ақтөбедегі зауытта төрт адам қаза тапты

2 882 просмотра

Ақтөбе хром қосындылары зауытының төрт жұмысшысы тазарту жұмысы кезінде қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, трагедия "АХҚЗ" АҚ-ның № 4 цехында болған.

"Бүгін, 28 мамырда, АХҚЗ аумағында жұмысшылардың қаза тапқаны туралы хабар келді. Жұмысшылар таңертең 50 куб бакты тазартып жатқанда механизмге зақым келгенін байқап, оны жөндемек болған. Олардың бірі төмен қарай түскен, артынан тағы үшеуі барған. Өкінішке қарай, төрт адам да қаза тапты", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов.

Одан бөлек, тағы екі жұмысшы ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.  

Дереккөз: Tengrinews.kz 

28 мамыр 2020, 20:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.